Эмманюэль Лоран Пети (; 22 қыркүйек 1970 жыл, Дьеп) — француз футболшысы, жартылай қорғаныста ойнаған.
Карьерасы Карьерасында «Монако», «Арсенал» (Лондон), «Барселона» және «Челси» секілді ірі клубтарда доп тепті. Ұлттық құрамада 1990-2003 жылдары ойнап, 1998 жылы әлем чемпионы, 2000 жылы Еуропа чемпионы атанды.
1998 жылғы әлем чемпионатында екі гол соқты. Топтық турнирде соңғы ойында Данияның қақпасына жеңіс голын енгізді (2:1). Финалда Бразилия құрамасының қақпасына соңғы минутта шешуші голды соғып, есепті 3:0-ге жеткізді.
Айып доптарын шебер орындаумен де көзге түскен. 2002 жылғы әлем біріншілігінде екінші турда Уругвай құрамасының қақпасына айып добын теуіп, маңдайшаны көздеді. Бұл ойында есеп ашылмады.
Жетістіктері
Клубтық
«Монако»
Франция чемпионы: 1996/97 Франция кубогы: 1990/91
«Арсенал»
Англия чемпионы: 1997/98 Англия кубогы: 1997/98
Франция құрамасы
Әлем чемпионы: 1998 Еуропа чемпионы: 2000
Жеке
Құрмет легионы ордені: 1998
Дереккөздер
Санат:Франция футболшылары Санат:Арсенал Лондон ФК ойыншылары Санат:Монако ФК ойыншылары Санат:Барселона ФК ойыншылары Санат:Челси ФК ойыншылары Санат:Футболдан әлем чемпиондары Санат:Футболдан Еуропа чемпиондары