ХуленLATE MOTIV — Julen Lopetegui Лопетеги Арготе, (; 28 тамыз, 1966, Астеасу) — испан футболшысы, қақпашы, бүгінде бапкер.

Лопетеги жайлы фактілер

Карьерасында "Реал Мадридте" те, "Барселонада" да ойнаған санаулы футболшылардың бірі. 2016-18 жылдары Испания құрамасын жаттықтырып, 2018 жылғы әлем біріншілігіне жолдама әперді. Бірақ аталмыш турнирге бір ғана күн қалғанда Испания футбол федерациясының рұқсатынсыз "Реал Мадрид" клубына бапкер болуға келісім бергендіктен, ұлттық құрамадағы қызметінен аяқ асты босатылды. Оның орнына Фернандо Йерро құрама бапкері міндетін атқарды. Бірақ "Реал" клубы оның жаттықтырған кезінде нашар ойнады да, 2018 жылы қараша айында ол қызметтен де кетті. Ұлттық құрама сапында бір ғана кездесуде, 1994 жылы 23 наурызда Хорватиямен ойында құрама қақпасын қорғады. 1994 жылғы әлем чемпионатына барғанымен, тек қосалқы құрамда отырды. Бір рет те алаңға шықпады.

Жетістіктері Ойыншы ретінде Реал Мадрид Испания чемпионы: 1989/90 Испания суперкубогы (2): 1989, 1990

Барселона

Испания кубогы: 1996/97 Испания суперкубогы (2): 1994, 1996 Кубок иелері кубогы: 1996/97

Бапкер ретінде Испания құрамасы

Еуропа чемпионы (19 жас): 2011, 2012 Еуропа чемпионы (21 жас): 2013

Бапкерлік статистикасы 14 маусым 2018 КомандаБастаған уақытыАяқтаған уақытыКөрсеткіштеріОҰтТЖңСДЖД+-% жеңісРайо Вальекано20032003112271017 -718,18Реал Мадрид B2008200938189116045 +1547,37Испания (19)2010201311830299 +2072,73Испания (20)2010201310721228 +1470,00Испания (21)20122014111100347 +27100,00Порту12 маусым 20144 қаңтар 2016775315915752 +10568,83Испания21 шілде 201613 маусым 20182014606113 +4870,00Реал Мадрид14 маусым 201829 қазан 2018146262120 +142,85Бары1921193934394171+22361,97

Дереккөздер

Сілтемелер Профиль Профиль Ресми сайт

Санат:Испания футболшылары Санат:Реал Мадрид ФК ойыншылары Санат:Лас-Пальмас ФК ойыншылары Санат:Барселона ФК ойыншылары Санат:Райо Вальекано ФК ойыншылары