Максим Сергеевич Федин (8 маусым 1996, Екібастұз, Павлодар облысы) — қазақстандық футболшы, "Ертіс" футбол клубының шабуылшысы.
Карьерасы
Клубтық "Ертіс" (Павлодар) клубының түлегі. Жастар командасында ойнағанымен, кәсіби карьерасын 2014 жылы Астананың "Бәйтерек" клубында бастады. Бір жылдай ойнап, 24 ойында алаңға шықты, алты рет мергендігімен көзге түсті.
2015 жылы Сербияның "Спартак" командасына ауысқаныменhttp://www.sports.kz/news/maksim-fedin-v-baytereke-ya-priobrel-neobhodimyiy-dlya-vyistupleniy-za-rubejom-opyit, негізгі құрамға іліге алмай, 2016 жылы Қазақстанға оралды да, "Атырау" сапында доп тебе бастады. 2017 жылы Көкшетаудың "Оқжетпес" клубында бір жылдай бақ сынады, бірақ 26 кездесуде не-бары екі ғана гол соққан соң оны команда сатуға мәжбүр болды. Осылайша 2018 жылы Қостанайдың "Тобыл" командасына ауысты.
Қазақстан құрамасында Қазақстанның 17, 19, 21 жасқа дейінгі құрамаларында ойнады. Негізгі құрамадағы тұңғыш ойынын 2018 жылдың соңында сырт алаңда Латвияға қарсы өткізді.
Жүлделері
Клубтық
«Тобыл»
Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері: 2018
«Ордабасы»
Қазақстан Кубогы: 2022
Дереккөздер
Сілтемелер Профиль УЕФА сайтында М. Федин жайлы
Санат:Ертіс ФК ойыншылары Санат:Бәйтерек ФК ойыншылары Санат:Спартак Суботица ФК ойыншылары Санат:Атырау ФК ойыншылары Санат:Оқжетпес ФК ойыншылары Санат:Тобыл ФК ойыншылары Санат:Қазақстан футболшылары Санат:8 маусымда туғандар Санат:Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Қайсар ФК ойыншылары Санат:Ақтөбе ФК ойыншылары Санат:Тұран Түркістан ФК ойыншылары Санат:Ордабасы ФК ойыншылары