Нуну Мигел Суареш Перейра Рибейру (; 5 шілде 1976, Амаранте), Нуну Гомеш ретінде кеңірек танымал () — португалиялық футболшы, шабуылшы. Португалия құрамасы сапында ойнаған. "Бенфика" сапында ойнап жүрген шағында Еуропаға танылды. Ең ұзақ ойнаған клубы да осы "Бенфика" (2002-11). Одан бөлек "Боавишта" (Португалия), "Фиорентина" (Италия), "Брага" (Португалия), "Блэкберн Роверс" (Англия) клубтарында доп тепті. Карьерасын 2013 жылы 37 жасында аяқтады.
Португалияның 15, 16, 17, 18, 20, 21 жасқа дейінгі және Олимпиада құрамасында ойнады. Негізгі ұлттық құрама сапында 29 гол соқты.
Қатысқан турнирлері
1996 - Жазғы Олимпиада ойындары 2000 - Еуропа біріншілігі (1/2 финал) 2002 - Әлем чемпионаты 2004 - Еуропа біріншілігі (финал) 2006 - Әлем чемпионаты (1/2 финал, 4 орын) 2008 - Еуропа біріншілігі
Жетістіктері
Португалия чемпионы: 2004/05, 2009/10 Португалия кубогы: 1996/97, 2003/04 Португалия лига кубогы: 2008/09, 2009/10 Португалия Суперкубогы: 2005 Италия кубогы: 2001 Еуропаның вице-чемпионы: 2004 Еуропаның жартылай финалисі: 2000 Әлемнің жартылай финалисі: 2006
Басқа да фактілер
Оның тегі Гомеш емес, 80-жылдары "Порту" сапында ойнаған Фернанду Гомешті қатты құрметтегендіктен өзін солай ататқанды дұрыс көрген. Бірінші әйелі Исмериядан Лаура атты қызы бар. Екінші әйелі Патрисия Агилардан ұлы бар. Нуну Гомештің інісі Тягу (7.04.1981) да футболмен айналысқан.
Дереккөздер
Сілтемелер Персоналды сайт Профиль
Санат:Португалия футболшылары Санат:Португалия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Боавишта ФК ойыншылары Санат:Бенфика ФК ойыншылары Санат:Фиорентина ФК ойыншылары Санат:Брага ФК ойыншылары Санат:Блэкберн Роверс ФК ойыншылары