Дарио Срна (; 1 мамыр 1982, Меткович, Югославия) — хорват футболшысы, қорғаушы.
Мансабы Айып доптарын шебер орындауымен ерекшеленген футболшы. Карьерасында соққан голдарының басым көпшілігін стандартты мүмкіндіктер арқылы енгізген.
Хорватияның "Хайдук" клубының түлегі. 2002 жылы осы клубта ойнап жүріп тұңғыш рет ұлттық құрамаға шақырту алды.
1999-2003 жылдар аралығында осы клубта өнер көрсетіп, 2003 жылы жазда Донецкінің "Шахтеріне" ауысты. Кеншілер сапындағы алғашқы ойынын 2003 жылы 12 шілдеде "Металлургке" қарсы өткізді.
2018 жылы ақпан айында есірткі пайдаланды деген айыппен алты ай футболдан шеттетілді.
"Шахтер" сапында тұрақты ойнап, 2018 жылы ғана "Кальяриге" (Италия) ауысты.
Басқа да фактілер 16 жасында-ақ Италияның "Милан" клубы Срнаға қызығушылық танытқан. Бірақ хорваттық тағы бір футболшы - Игор Штимац оған асықпауды ұсынды. Өйткені ол кезде Срна тым жас еді.
Қатысқан турнирлері
Еуропа чемпионаттары - 2004, 2008, 2012, 2016 Әлем чемпионаттары - 2006, 2010
Жетістіктері
Командалық Хайдук (Сплит)
Хорватия чемпионы: 2000/01 Хорватия кубогы: 2002/03
Шахтёр (Донецк)
Украина чемпионы (9): 2004/05, 2005/06, 2007/08, 2009/10, 2010/11, 2011/12, 2012/13, 2013/14, 2016/17 Украина кубогы (7): 2003/04, 2007/08, 2010/11, 2011/12, 2012/13, 2015/16, 2016/2017 Украина суперкуогы (8): 2005, 2008, 2010, 2012, 2013, 2014, 2015, 2017 УЕФА кубогы: 2008/09
Жеке жетістіктері
Украина чемпионатының үздік футболшысы: 2008/09 Украинаның еңбек сіңірген спорт шебері: 2009
Сілтемелер Профилі
Санат:Хорватия футболшылары Санат:Хайдук Сплит ФК ойыншылары Санат:Шахтер Донецк ФК ойыншылары Санат:Кальяри ФК ойыншылары Санат:допингке қарсы ережені бұзғаны үшін шеттетілген футболшылар Санат:Хорватия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары