Абзал Талғатұлы Бейсебеков (30 қараша 1992https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/198770, Алматы, Қазақстан) — қазақ футболшысы, "Астана" футбол клубы мен Қазақстан құрамасының қорғаушысы.

Мансабы Клубтық "Қайрат" футбол клубының түлегі. Балалар клубында 2007 жылға дейін өнер көрсетіп, 2008 жылы негізгі құрамға қабылданды. Бір жылдан соң Астананың "Локомотивіне" ауысып, 2010 жылы туған клубына қайта оралды.

2011 жылы Өскеменнің "Востогы" қатарын толықтырды. 2012 жылы тағы да "Астанаға" ауысып, 2013 жылы Қазақстан премьер лигасының күміс жүлдегері атанды.

Тәжірибе жинақтау үшін 2014 жылы ақпан айында Польшаның "Корона" клубына жалға берілді. Жазда "Астанаға" оралды.

Ұлттық құрама 2014 жылы қазан айында тұңғыш рет Ұлттық құрама сапында алаңға шықты. 13 қазан күні ЕУРО-2016 іріктеуінің матчында Чехиямен ойында дебют ойынын өткізді. Бұл кездесуде қазақстандықтар 2:4 есебімен ұтылып қалды.

Жетістіктері

«Астана»

Қазақстан чемпионы (4): 2014, 2015, 2016, 2017, 2018, 2019 Қазақстанның күміс жүлдегері (1): 2013 Қазақстан кубогы (3): 2012, 2015, 2016 Қазақстан суперкубогы (1): 2015, 2018, 2019 2020 Дереккөздер

Сілтемелер Профилі Профилі Профилі

Санат:Қазақстан футболшылары Санат:Қайрат ФК ойыншылары Санат:Астана ФК ойыншылары Санат:Восток ФК ойыншылары Санат:Корона ФК ойыншылары Санат:Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары