Вильям Галлас (; 17 тамыз 1977https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/3156, Аньер-сюр-Сен) — француз футболшысы, қорғаушы. Карьерасында "Кан" (Франция), "Марсель" (Франция), "Челси" (Англия), "Арсенал" (Англия), "Тоттенхем" (Англия), "Перт Глори" (Аустралия) клубтары мен Франция Ұлттық футбол құрамасының бірнеше жастағы құрамаларында доп тепті. 2014 жылы қазан айында футболшылық ғұмырына нүкте қойды.

"Челси" сапында ойнап жүріп Англия чемпионы, кубок иегері атанды, ал "Арсеналда ойнап жүріп ешқандай жүлдеге қол жеткізе алмады.

Ұлттық құрама сапында 2002 жылы тұңғыш рет алаңға шықты. Бір жылдан соң өз елінде өткен Конфедерациялар кубогының жеңімпазы атанды. 2006 жылы Әлем чемпионатының финалисі атанды.

Жетістіктері

Командалық Кан

2 лига жеңімпазы: 1995/96

Челси

Англия чемпионы (2): 2004/05, 2005/06 Англия лига кубогы: 2005 Англия суперкубогы: 2005

Үлттық құрама

Конфедерациялар кубогы: 2003

Жеке

Англия чемпионатының символикалық құрамы (2): 2003, 2006

Дереккөздер

Сілтемелер Ресми сайт Профилі

Санат:Франция футболшылары Санат:Кан ФК ойыншылары Санат:Олимпик Марсель ФК ойыншылары Санат:Челси ФК ойыншылары Санат:Арсенал Лондон ФК ойыншылары Санат:Тоттенхэм Хотспур ФК ойыншылары Санат:Перт Глори ФК ойыншылары