Ақтүйесай — Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданындағы ауыл, Ақтүйесай ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы - Кішкенекөл ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 36 км-дей жерде.
Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 1267 адам (636 ер адам және 631 әйел адам) болса, 2009 жылы 885 адамды (412 ер адам және 473 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
Дереккөздер
Санат:Уәлиханов ауданы елді мекендері