Алма Жолдасқызы Терлікбаева (8 маусым 1953 жылы туған, Алматы қаласы) – техника ғылымдарының кандидаты (1987).

Мәскеу болат және қорытпа институтын бітірген (1976). 1976 – 1994 ж. Қазақстан ғылым академиясының Металлургия және кен байыту институтында инжинер, аға ғылыми қызметкер (1976–1994) 1994 – 2001 ж. Қазақстан Республикасының Минералдық шикізаты кешенді пайдалану ғылыми орталығында бас ғылыми хатшының орынбасары, жетекші ғылыми қызметкер, бөлім бастығы (1994–2001) болды. 2001 жылдан бас директордың орынбасары қызметін атқарады.

«Разработка научных основ и технологии утилизации ванадиевых катализаторов» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.

80-ге жуық ғылыми жарияланымның авторы.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2001).Қазақстан ұлттық энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:8 маусымда туғандар Санат:1953 жылы туғандар Санат:Алматыда туғандар Санат:Қазақстан инженерлері Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегерлері