Йозеф Дитер «Зепп» Майер ( 28 ақпан 1944 жылhttp://d-nb.info/gnd/118576429/http://www.filmportal.de/05f7b6fffbd34b3d9419ce5428c7c6ac, Меттен) — неміс футболшысы, қақпашы. ГФР құрамасында ойнаған. 1972 жылғы Еуропа, 1974 жылғы әлем чемпионы.
Мансабы 14 жасында "Бавария" футбол мектебіне қабылданады. Жастар командасында ойнап жүріп, кәсіпқой карьерасын 1965 жылы бастады. Бұл аралықта ол Германияның ең таңдаулы қақпашыларының бірі болды, мүмкін болған жетістіктердің бәріне қол жеткізді.
Ұлттық құрама сапында алғашқы ойынын 1965 жылы Ирландияға қарсы өткізді. 1966 жылғы әлем біріншілігіне екінші қапашы ретінде барды (негізгі қақпашы Ханс Тилковски болатын). 1970 жылғы додада негізгі қақпашы болды.
1972 жылы ГФР құрамасы Еуропа чемпионы атанды. Екі жыл өткен соң ГФР-да ұйымдастырылған әлем чемпионатында тағы да немістер топ жарды. Осы турнирлерде Майер құраманың негізгі тіректерінің бірі болды.
1978 жылғы әлем біріншілігінен соң құрама шақырылуы азайды.
Жеітстіктері
ГФР құрамасы
Еуропа чемпионы: 1972 Әлем чемпионы: 1974 ЕУРО-1976 финалисі
«Бавария» Мюнхен
ГФР чемпионы: 1969, 1972, 1973, 1974 ГФР кубогы: 1966, 1967, 1969, 1971 Кубок иелері кубогы: 1967 Чемпиондар кубогы: 1974, 1975, 1976
Жеке жетістіктері
ФИФА 100 тізіміне енген Германиядағы жыл футболшысы: 1975, 1977, 1978 ӘЧ-1974 символикалық құрамына енген
Қатысқан турнирлері
Әлем чемпионаттары: 1966, 1970, 1974, 1978 Еуропа чемпионаттары: 1972, 1976
Дереккөздер
Сілтемелер Профилі
Санат:28 ақпанда туғандар Санат:Германия футболшылары Санат:Бавария ФК ойыншылары Санат:Футболдан әлем чемпиондары Санат:Футболдан Еуропа чемпиондары Санат:Германия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары