Клаудио Пауль Каниджа (; 9 қаңтар 1967 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/10367, Эндерсон, Аргентина) — аргентиналық футболшы, шабуылшы. Аргентина құрамасының экс-футболшысы. 1990, 1994, 2002 жылдары әлем чемпионатына қатысқан. Тағы бір Аргентиналық футболшы Диего Марадонаның жақын досы.

Мансабы Клубтық Карьерасын "Ривер Плейтте" бастады. 1988 жылға дейін ойнап, Италияға ауысты да, "Верона", "Аталанта", "Рома" секілді клубтарда доп тепті. 1994 жылы "Бенфикаға" ауысып, бір маусым ойнады да, отанына — "Ривер Плейттің" бітіспес қарсыласы "Бока Хуниорсқа" оралды. Аргентиналық клубта ә дегенде тәуір ойнағанымен, кейіндеу негізгі құрамға онша іліге алмай, Еуропаға кетуге мәжбүр болды.

1999 жылы "Аталантаға" қайта оралып, бір жылдан соң күтпеген жерде Шотландия чемпионатында, "Данди" клубында ойнады. "Дандидегі" нәтижелі ойыны "Рейнджерс" клубының басшыларын қызықтырды да, 2001 жылы жазда глазголық команданың сапына кеп қосылды. Үш маусым ойнап, катарлық ақшалы клубтардың біріне кетті де, 2004 жылы футболмен қоштасты.

Ұлттық құрамада 1990 жылғы әлем чемпионатында екі рет көзге түсті. 1/8 финалда Бразилиямен ойында Марадонаның алаң ортасынан бір өзі өрбіткен нәтижелі аяқтады. Жартылай финалда Италиямен ойында есепті теңестіріп, құраманы жеңілістен құтқарып қалды.

1994 жылы АҚШ-та өткен әлем чемпионатының екінші ойынында Нигерияның қақпасына екі гол соқты да, құраманың жеңісіне үлес қосты. Бірақ осы ойыннан соң құраманың көш басшы ойыншысы Марадона допингпен ұсталып, чемпионаттан шеттетілді. Марадона кеткен соң Каниджаның да ойыны көңілдегідей болмай, 1/8 финалда Румыниядан ұтылып қалды.

1998 жылғы әлем біріншілігіне Даниэль Пассарелланың "футболшылары ұзын шашпен ойнамасын" деген талабын орындамағандықтан бара алмай қалды. Сол күйі Каниджа құрамада ешқашан ойнамайды деген де болжамдар болды, бірақ 2001 жылы "Рейнджерс" командасындағы керемет ойынынан соң 2002 жылғы әлем біріншілігіне бару үшін құрамаға шақыртылды.

2002 жылғы біріншілікте бір ойында да алаңға шыққан жоқ, топтық кезеңнің соңғы турындағы Швециямен ойында төрешіге айтқан ауыр сөзі үшін қосалқы құрамда отырған жерінен алаңнан қуылды. Құрама ол чемпионатта топтан шыға алмады да, Каниджа құрамадағы карьерасына нүкте қойды.

Жетістіктері

Командалық

ӘЧ күміс жүлдегері — 1990 Америка кубогының жеңімпазы — 1991 Конфедерациялар кубогының жеңімпазы — 1992

Аргентина чемпионы — 1985/86, 1998 (апертура) Шотландия чемпионы — 2002/03

Шотландия Лигасының кубогы — 2001/02, 2002/03 Шотландия кубогы — 2002/03 Катар кубогы — 2003/04

Либертадорес кубогы — 1986 Құрлықаралық кубок — 1986 Америкааралық кубок — 1987

Қатысқан турнирлері

Америка кубогы: 1987, 1989, 1991 Әлем чемпионаты: 1990, 1994, 2002 Конфедерациялар кубогы: 1992

Дереккөздер

Сілтемелер Статья на сайте «Футболисты мира»

Санат:9 қаңтарда туғандар Санат:Аргентина футболшыларыСанат:Аргентина Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Ривер Плейт ФК ойыншылары Санат:Эллас Верона ФК ойыншылары Санат:Аталанта ФК ойыншылары Санат:Рома ФК ойыншылары Санат:Бенфика ФК ойыншылары Санат:Бока Хуниорс ФК ойыншылары Санат:Данди Юнайтед ФК ойыншылары Санат:Рейнджерс ФК ойыншылары