Алма.ТВ кубогы 2007 — 2007 жылы 7-11 наурыз аралығында Шымкент қаласында өткізілген футбол турнирі. Оған Қазақстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Қырғызстан құрамалары қатысып, Қазақстан құрамасы ұпайлар саны бойынша жеңімпаз атанды. Өткізілу ережесі Төрт команда өзара кездесіп шықты. Нәтижесінде ұпайлар саны есептелді. Ұпай саны тең болған жағдайда доп айырмасы, ол да тең болған жағдайда өзара кездесулер нәтижесі есепке алынды.

Матчтардың бәрі Қажымұқан Мұңайтпасов стадионында өткізілді. Матчтар

Марапаттар

Үздік қақпашы -  Игнатий Нестеров (Өзбекстан); Үздік қорғаушы -  Эрнани Перейра (Әзірбайжан); Үздік жартылай қорғаушы -  Эдуард Сергиенко (Қазақстан); Үздік шабуылшы -  Александр Гейнрих (Өзбекстан); Үздік мерген -  Ұлықбек Бақаев (3 гол, Өзбекстан); Үздік ойыншы -  Максим Жалмағамбетов (Қазақстан).

Тағы қараңыз

Футболдан Орта Азия кубогы — 1992 Футболдан Өзбекстан тәуелсіздігінің кубогы — 1994

Санат:Қазақстандағы футбол Санат:Орта Азия футбол құрамаларының турнирлері Санат:Алма.ТВ кубогы Санат:Футболдан Ұлттық құрамалар жарыстары Санат:2007 жылғы футбол