Аслан Қайратұлы Дарабаев (21 қаңтар 1989, Қарағайлы, Қарағанды облысы) — қазақстандық футболшы, жартылай қорғаушы.

Мансабы Қарағанды футболының түлегі. Кәсіпқой карьерасын Қарағандының "Шахтер" клубында бастап, 2009 жылы Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері атанды. 2008 жылғы маусымда алаңға 17 рет шықты.

2010 жылы "Ақтөбе" сапына ауысып, екі дүркін қола жүлдегер, бір рет күміс жүлдегер атанды.

2013 жылы "Атырау" сапына қосылып, маусым ортасында "Шахтерге" қайта оралды. Одан соң "Қайрат", "Ертіс" клубтарында ойнап, 2018 жылы "Тобыл" командасына ауысты. "Тобыл" сапындағы алғашқы голын УЕФА Еуропа Лигасының іріктеуінде Грузияның "Самтредия" қақпасына соқты.

2019 жылы "Ертіске" ауысты.

2019 жылы жазда "Жетісу" сапында ойнады. Маусым соңында "Каспий" клубына өтті.

2022 жылы "Астана" клубына ауысып кетті.

Ұлттық құрамаға 2010 жылы шақырылғанымен, алғашқы ойынын 2014 жылы ғана өткізді. Ал бірінші голын 2022/23 жылғы УЕФА Ұлттар лигасының С лигасында Словакия құрамасына қарсы ойында соқты.

Жетістіктері

Клубтық «Шахтёр»

Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері (1): 2009 Қазақстан кубогының финалисі (1): 2009

«Ақтөбе»

Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері (1): 2010 Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері (2): 2011, 2012

«Қайрат»

Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері (1): 2015 Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері (1): 2015 Қазақстан кубогы (2): 2014, 2015 Қазақстан суперкубогы (1): 2016 "Астана"

Қазақстан чемпионы: 2022 Қазақстан суперкубогы: 2023

Сілтемелер Профилі (footballfacts.ru) Профилі (Ұлттық құрамалар сайты) Трансфермаркт Soccerway

Санат:21 қаңтарда туғандар Санат:Қарқаралы ауданында туғандар Санат:Қарағанды облысында туғандар Санат:Қазақстан футболшылары Санат:Шахтер Қарағанды ФК ойыншылары Санат:Ақтөбе ФК ойыншылары Санат:Қайрат ФК ойыншылары Санат:Атырау ФК ойыншылары Санат:Ертіс ФК ойыншылары Санат:Тобыл ФК ойыншылары Санат:Жетісу ФК ойыншылары Санат:Каспий ФК ойыншылары Санат:Астана ФК ойыншылары Санат:Елім-ай-2022 ФК ойыншылары Санат:Оқжетпес ФК ойыншылары Санат:Тұран Түркістан ФК ойыншылары