Теодор Экклстон Уитмор (; 5 тамыз 1972, Монтего-Бей, Ямайка) — ямайкалық футболшы, жартылай қорғаушы. Қазір Ямайка Ұлттық футбол құрамасының бапкеріhttp://www.concacaf.com/article/whitmore-to-guide-jamaica-in-caribbean-cup .

Карьерасы Туған қаласындағы "Монтего-Бей" клубының түлегі саналады. Бірақ кәсіпқой карьерасын 1994 жылы Оңтүстік Африка Республикасындағы "Аякс" клубында бастады. 1996 жылы отанына оралып, "Вайолет" клубында бір жылдай доп тепті. 1997-99 жылдары Ямайкадағы "Себа Юнайтед" клубында ойнап, 1998 жылғы әлем чемпионатына қатысты. Топтық турнирдің соңғы кездесуінде Жапонияның қақпасына екі гол соқты.

1999 жылы Англияға келіп, төртінші дивизиондағы "Хал Сити" клубы сапында ойнады. Үш жылдан соң "Себа Юнайтедке" қайтып оралды. Кейін Шотландияның "Ливингстон" сапында өнер көрсетті.

Бапкерлік карьерасында Ямайка құрамасының жаттықтырушылар штабынан ұзаған жоқ. Біраз жылдар көмекші боп жүрді де, 2009 жылы бап бапкер болып құрама тізгінін ұстады. Бір жылдан соң құрама Кариб кубогының жеңімпазы атанды.

2013 жылы әлем чемпионатының іріктеуіндегі сәтсіздіктерден соң бапкерліктен кетті де 2017 жылы осы қызметке қайта келді.

Жетістіктері

Футболшы ретінде

Кариб кубогы (2): 1998, 2005

Бапкер ретінде

Кариб кубогы (1): 2010

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі

Санат:5 тамызда туғандар Санат:Ямайка футболшылары Санат:Ямайка Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Аякс Кейптаун ФК ойыншылары Санат:Вайолет Кикерс ФК ойыншылары Санат:Себа Юнайтед ФК ойыншылары Санат:Халл Сити ФК ойыншылары Санат:Ливингстон ФК ойыншылары Санат:Ямайка Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары Санат:Ямайка футбол жаттықтырушылары