Вадим Гроздов (25 мамыр, 1966 жыл) — КСРО және Ресей футболшысы, қақпашы.

Карьерасы Павлодар футболының түлегі. "Трактор" клубының жастар командасында ойнап, 1984 жылы "Қайратқа" ауысты. Бірақ негізгі құрамда дерлік ойнаған жоқ, тек ізбасарлар командасында ғана қақпа қорғады (ол кезде негізгі құрамда Александр Убыкин бар еді).

1988-90 жылы "Целиникте" ойнап, 1990 жылы "Қайратқа" қайта оралды. Қайраттықтар ол кезде бірінші лигаға түсіп қалған-ды. Бұл жолы Сергей Бураковпен алма-кезек "Қайрат" қақпасын күзетті.

1990 жылы да, келесі жылы да сәтсіз ойнаған "Қайрат" жоғары лигаға шыға алмай, 1991 жылдың соңында басқа клуб іздеген Вадим Воронеждің "Факеліне" ауысты. Бірақ "Факелде" келесі маусымда ойын практикасын жоғалтып алды да, Украинаның "Океан" клубына өтті.

1992 жылы карьерасын аяқтады. Сілтемелер Профилі

Санат:25 қазанда туғандар Санат:КСРО футболшылары Санат:Ертіс ФК ойыншылары Санат:Қайрат ФК ойыншылары Санат:Жеңіс ФК ойыншылары Санат:Факел ФК ойыншылары Санат:Ресей футболшылары