Қызылқайың – Ақтөбе облысының Хромтау ауданындағы өзен. Ұзындығы 59 км, су жиналатын алқабы 731 км2.
Бастауы Өзен Қатынадырдың батысындағы қыратты жазықтан басталып, Майтөбе ауылынан оңтүстікке қарай Ор өзеніне құяды.
Гидрологиясы Аңғары кең, жағасы тік жарлы. Жер асты, жауын-шашын суымен қоректенеді. Жауын-шашын көп болмаған кезде жаз айларында қарасуларға бөлініп қалады. Алабы жайылымдық мақсатта қолданылады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Хромтау ауданы өзендері