Бақты – Тарбағатайдың оңтүстік бөктеріндегі тау.

Географиялық орны Абай облысы Мақаншы ауданында орналасқан. Абсолюттiк биіктігі 1273 м. Батыстан шығысқа қарай 10 км-ге созылып жатыр, ені 5 – 7 км.

Геологиялық құрылымы Орта және жоғарғы ордовиктің тау жыныстарынан түзілген.

Өсімдігі Сұр және қызғылт қоңыр топырағында қау, сұлыбас, жалбызтікен, қымыздық, т.б. өсімдіктер өскен.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Мақаншы ауданы таулары