Көктас — Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы ауыл, Қаршығалы ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Қарқаралы қаласынан солтүстік-батысқа қарай 36 км-дей жерде.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен1655 1480 1294 87,4 743 683 91,9 737 611 82,9

Ауыл тарихы Көктас ауылының іргесі 1914 жылы құрылған. Кеңес үкіметі тұсында тағдырлары талайпайға түскен неміс ұлтының өкілдерін бір ортаға тоғыстырған үлкен ауылға айналды. Ол кезде ауыл Тельман кеңшары болатын. 1960 жылдардан бастап 1991 жылға дейін Көктас ауылы Кеңес үкіметінің ауылшаруашылығы саласындағы жоспарын межесінен асырып, аты дүркіреген кеңшар болды. Жекешелендіру науқаны жүрген кезде, ауылдан мыңдаған неміс жанұясы өз отандарына көш басын бұрды. Дегенмен Көктас ауылы қаңырап қалмады. Алыстағы ағайындарын өз Отандарына шақырған ұлы көштің біраз шаңырағы осы ауылдың түтінін түтетті. Солардың бірі атақты күйші, домыбырашы, Моңғолияның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері - Райхан Мұхаметұлы.

Көктас ауылы тәуелсіздіктің жемісті жылдарының арқасында елдігін танытып, 2014 жылы жұрт болып, халық болып, Көктас ауылының 100 жылдық тойын өткізді. Содан бері ауыл қазақтың мақтан тұтарлық үлкен аймағына айналды."Арқа ақшамы" қоғамдық-саяси газеті №21 (18) 5 маусым 2014 жыл.

Көшелері Абай көшесі Жастар көшесі Жаңа көшесі Тельман көшесі Гагарин көшесі Астық дайындау көшесі

Дереккөздер

Санат:Қарқаралы ауданы елді мекендері