Малшыбай — Ұлытау облысы Жезқазған қаласына қарайтын ауыл, Сарыкеңгір ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Жезқазған қаласынан солтүстікке қарай 66 км-дей жерде.

Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 447 адам (239 ер адам және 208 әйел адам) болса, 2009 жылы 382 адамды (201 ер адам және 181 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 326 адамды (184 ер адам және 142 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Дереккөздер

Санат:Жезқазған қалалық әкімдігі елді мекендері