2019 жылғы УЕФА Суперкубогы () — 2019 жылғы 14 тамыз күні Ыстанбұлдағы "Водафон Парк" стадионында өткен аталмыш турнирдің 44-жарысы. Онда 2019 жылғы УЕФА Чемпиондар Лигасы "Ливерпуль" мен УЕФА Еуропа Лигасының жеңімпазы "Челси" (Лондон) өзара кездесіп, негізгі және қосымша уақыт 2:2 есебімен тең аяқталды да, "Ливерпуль" пенальтилер сериясында 5:4 есебімен жеңіске жетті. Сондай-ақ, ағылшын клубтары өзара ойнаған тұңғыш матч. Стадион Матчты өткізуге Астанадағы "Астана Арена" да үміткер болды,http://www.uefa.org/mediaservices/newsid=2476504.html алайда ұсыныстары қабылданбады. 2017 жылғы 20 қыркүйек күні УЕФА комитеті Ыстанбұлдағы "Водафон Парк" стадионында өтетітін мәлімдеді. Осылайша УЕФА Суперкубогы тұңғыш рет Түркияда ойналатын болды.

Бұл стадион бұрынғы "Иненю" стадионының орнына салынды. 2016 жылы 10 сәуірде пайдалануға берілді. "Бешикташ" клубы өз алаңындағы ойындарын өткізеді.

Сыйымдылығы — 43 500 адам.

Қатысушылары

"Ливерпуль" — 2018/19 жылғы УЕФА Чемпиондар Лигасының жеңімпазы. Бұған дейін 1977, 1978, 1984, 2001, 2005 жылдары УЕФА Суперкубогында ойнаған. "Челси" — 2018/19 жылғы УЕФА Еуропа Лигасының жеңімпазы. Бұған дейін 1998, 2012, 2013 жылдары УЕФА Суперкубогында ойнаған.

Матч

Егжей-тегжейі

Ққ 13 АдрианҚ 12 Джозеф ГомесҚ 32 Жоэль МатипҚ 4 Вирджил ван ДейкҚ 26 Эндрю Робертсон Ж 7 Джеймс Милнер Ж 3 ФабиньоЖ 14 Джордан Хендерсон (К) Ш 15 Алекс Окслейд-Чемберлен Ш 11 Мохамед СалахШ 10 Садио Мане Алаңға шыққандар:Қ 66 Трент Александер-Арнольд ЖҚ 5 Джорджиньо Вейналдум Ш 9 Роберто Фирмино Ш 27 Дивок Ориги Бас бапкер: Юрген Клопп Ққ 1 Кепа АррисабалагаҚ 28 Сесар Аспиликуэта (К) Қ 15 Курт ЗумаҚ 4 Андреас Кристенсен Қ 33 ЭмерсонЖ 5 ЖоржиньоЖ 7 Н’Голо КантеЖ 17 Матео Ковачич Ш 22 Кристиан Пулишич Ш 18 Оливье Жиру Ж 11 Педро РодригесАлаңға шыққандар:Қ 29 Фикайо Томори ЖҚ 8 Росс Баркли ЖҚ 19 Мейсон Маунт Ш 9 Тэмми Абрахам Бас бапкер: Фрэнк Лэмпард

Дереккөздер

Сілтемелер Турнирдің ресми сайты

Санат:УЕФА Суперкубогы Санат:2019 жылғы футбол Санат:Челси ФК ойындары Санат:Ливерпуль ФК ойындары