нобай|195x195 нүкте|Минимализм Минимализм (ағылшын. minimalism, лат. minimus - ең азы, ең кішісі) — композицияның қарапайымдылығын, нақтылығы мен бірізділігін суреттейтін дизайндағы стиль түрі. Шығармашылықта қалыптасқан әдістер мен шығармашылық материалдарды қолданғаннан гөрі, минималисттер қарапайым геометриялық пішіні бар, байсалды түстегі(қара, сұры) материалдарды аз мөлшерде қолданғанды жөн көреді. Минимализмнің тамыры конструктивизм мен функционализмде жатыр.

Интерьер дизайнындағы минимализм Кеңістікті тек қана қажетты бұйымдармен модельдеу қазіргі заманғы минимализм стиліндегі интерьердің басты идеясына айналған. Маңызды критерийдің бірі кеңістікті сауаттылықпен жобалау. Бөлменің ішінде байсалды түстер басым болуы қажет, бос кеңістіктің де көп болғаны абзал. Үлкен терзелер бөлмені күн сәулесімен толықтырғанда, бөлме интерьері құдды бір сыртқы ортаның бөлігіне айналғандай сезім тудырады.

Басты белгілері Кеңістіктің бос болуы: жиһаз бен бұйымдар барынша аз Бірнеше деңгейлік жарықтандыру Түс палитрасы ашық, ақ түстер басым. Көбіне қара және сұры түстер контрастында беріледі.Кейде табиғи ағаш, металл немесе әйнек текстурасымен толықтырылады Қарапайым пішіндер мен кесінділер, терезе мен жарда аксессуарлар жоқтың қасы Декор мен ою-өрнек жоқ

Веб-дизайндегі минимализм Қарапайым және түсінікті интерфейс, стильдер әр-алуандығы аздығы (градиент, көлеңке) басты көрсеткіштің бірі. Негізгі ереже - үш түстен артық түс қолданбау. Бұндай бағыт сайттар дизайны мен сурет дизайнында қолданыс табады.

Сән әлеміндегі минимализм Сән әлеміндегі минимализмнің басты ұраны - артықшылықтың болммауы. Алғаш рет бұл бағытты әлем подиумына скандинавтық, ағылшындық және бельгиялық дизайнерлер шығарған.

Басты қағидалар Әшекей-бұйым мен жануар терісінің аз болуы Монохромды не байсалды түстер қоладнысы. Көбіне екі қарапайым түс қолданлады. Қарапайым пішіндер, нақты кейіптер мен көзге көрінетін түймелер мен ілмектердін болмауы

Минимализм өкілдері Дитер Рамс Наото Фукасава Петер Цумтор Клаудио Сильвестрин Джонатан Айв Richy

Санат:Дизайн