Бізбілдік — геометриялық фигуралар сызуға яки арнаулы өрнек салуға қолданылатын біз. Атау екі сөздің бірігіп айтылуынан пайда болған. Атау екі сөздің бірігіп айтылуынан пайда болған: біз және білдік. Мұның алғашқысы -кәдімгі біз. Білдік деп қырып-қырып, ойып, ағаштан ыдыс жасаған кезде оны бекітіп, айналдырып тұратын құралды айтқан. Сонда бізбілдік дегеніміз ырғап, айналдырып отырып өрнек салатын құрал болып шығады. Бұл құралдың ұшы әдетте болаттан жасалады.

Әдебиет Қазақ қолөнері аталымдарының түсіндірме сөздігі. "Сардар" баспа үйі Алматы 2012 жыл

Санат:Қолөнер