Ғалиев Мұхжан Ғалиұлы- екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері, «ІІ дәрежелі Отан соғысы» орденінің иегері.
Өмірбаяны Ғалиев Мұхжан Ғалиұлы 1899 жылы қазіргі Ақжар ауданы, Дәуіт станциясында жақын жерде, Шат өзенінің бойында орналасқан ата жұрттың қыстағында ауқатты отбасында дүниеге келген. Жаз жайлауда, қыс қыстақта әулеттерімен бірге 1929 жылға дейін тұрып келеді. Әкесі Ғали өте еңбеққор адам болған. Кеңес дәуірінде еңбек ете жүріп өзінің жұмысты басқаларға қарағанда артық істейтіні үшін «Стахановец», немесе «Ғали стақан», «Стақан шал» атанған. Ауылдастары өмірден озған жерлестерге қойылған ескерткішке осы атағын өзгертпей «Стақан Ғали» деп жазғаны да ол кісінің ерекше еңбекқорлығы тарихта қалсын дегендері болу керек. Сонау 1929-1930 жылдары тұрмыстың ауырлығынан Омбы облысының Москаленкаға қоныс аударады. Қазақтар өмір сүруге, мал бағуға қолайлы, табиғаты көрікті, жері құнарлы Ебейті деген шипалы тұзды көлдің жағасына, Тұмба деп аталып кеткен, тек қазақтар ғана тұратын ауылға қоныстанады. Соғысқа дейін Мұхжан ата колхозда әртүрлі ауыл шаруашылығы жұмыстарымен шұғылданады. Ауылындағы текті әулеттен шыққан Балкүміс Байқадамқызына үйленіп көпбалалы, өнегелі отбасын құрайды. Бейбіт өмірдің шырқы бұзылған кезде, басқа жерлестері сияқты Отан қорғауға аттанады.
Ұлы Отан соғысына қатысу Екінші Беларусь майданының ерекше тапсырмалар орындайтын автоматшылардың 72-бөлімшесінде соғысады. Интернетте орналасқан әскери мұрағаттар сайтында ол кісінің Швед қаласы тұсында Одер жеке ерлік көрсетіп, әскери десанттың қонуы кезінде жауға автоматтан оқ жаудырып көмектескені туралы айтылады. Сол шабуылда жеке өзі үш фашистіні жайратқаны, көрсеткен батылдығы мен ерлігі үшін гвардияның катардағы автоматшысы мемлекеттік марапат «Батырлығы үшін» медалін алған екен. Аздаған жарақат алғаны болмаса, қардай борап тұрған оқтың ішінен аман шығыпты. Жеңіс күнің майдангер атай Польша жерінде қарсы алады. Біраз аз Польшада әскери комендатурада қызметін жалғастырады.
Марапаттары 1945 жылы бірнеше медальдармен, «ІІ дәрәжелі Отан соғысы» орденімен марапатталынды.
Пайдаланған әдебиеттер http://kazorta.org/solt-stik-aza-stan-oblysyny-lt-ziyalylary/ Солтүстік Қазақстан облысы. Энциклопедия. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2006. – 704 б. Ұлт зиялылардың ұлағаты. Рахимова Қ.Қазақстан тарихы әдістемелік журнал.2012. – 69 – 84 б.