Байбатыр Ержанұлы — ХХ ғасырдың басында «Тұр, қазақ», «Оқуға, махаббат» атты кітаптарды жарыққа шығарған жазба әдебиет өкілдерінің бірі.
Өмірбаяны Байбатыр Ержанұлы 1895 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданы (Алматы облысы) дүниеге келген. Ол тек өлеңдер ғана емес, «Есентай» атты пьеса жазған. Байбатыр Ержанұлы қазіргі Ақмола облысы Ерейментау ауданында алтын кенінде директордың орынбасары болып жұмыс істеген. Семей қаласында тау-кен техникумында мұғалім қызметін атқарған.
Шығармашылық «Тұр, қазақ» кітабының шымылдығы «Сөз бастармен» ашылып, келесі тұста «Ояну...» деген өлең жолдарымен тізбектелген. Халықтың табиғатына жақын мақсатты туынды жазу керек екенін жете түсінген қаламгер жазылған дүниесінен ғибрат алуға жарамайтын болса, қазақтар оған көз қиығымен де қарамайтының ұғады. Сондықтан болар, әр сөзіне мән беруге тырысқандығы байқалады. Ол, әу басына бұл еңбекті жазудағы мақсатын-елінің пайдасын ойлап, «тұмсығымен бір тамшы су әкелген қарлығаштай» әйтеуір бір септігі тиеді ме екен, деген ниеттен туындағанын өзі айтып өтеді. Сонымен қатар, негізгі міндет- жастардың білімге деген құштарлығын оятып, қараңғылықтан құтылып, білім алуға, сол арқылы өзгелерге де тәлім беру қажеттілігін көрсету. Ол бар жүрегімен елінің сол кездегі бар ауыртпалық жағдайын ұғына отырып, іші оттай жанатынын айтқан.
Сілтемелер https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/top-10-samyih-populyarnyih-pisateley-kazahstana-357046/