Ахмед әл-Мұхаммади (; 9 қыркүйек 1987, Әл-Махалла-әл-Кубра, Мысыр) — мысырлық футболшы, Мысыр Ұлттық футбол құрамасы мен "Астон Вилла" клубының жартылай қорғаушысы.
Карьерасы Мысырдың "Газль-Әл Махалла" (туған қаласындағы команда) клубының түлегі. Кейін Мысыр және Англия клубтарында ойнаған. Қазіргі клубына 2017 жылы "Халл Сити" сапынан ауысты. "Астон Вилламен" келісім гарты 2020 жылға дейін жарамды.
Ұлттық құрама сапында тұңғыш рет 2007 жылы алаңға шықты. 2008, 2010 жылдары екі дүркін Африка Ұлттары кубогының жеңімпазы атанған. Және де 2009 жылы Конфедерациялар кубогына, 2017 жылғы Африка чемпионатына, 2018 жылғы әлем чемпионатына қатысты.
Жетістіктері
Командалық Халл Сити
Чемпионшипте 2-орын : 2012/13 Англия кубогының финалисі : 2013/14
Мысыр құрамасы
Африка чемпионы (2) : 2008, 2010
Жеке
«Халл Ситидің» жыл ойыншысы : 2012/13
Дереккөздер
Сілтемелер Профилі Профилі
Санат:Мысыр футболшылары Санат:Мысыр Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Газль Әл-Махалла ФК ойыншылары Санат:ЕНППИ ФК ойыншылары Санат:Сандерленд ФК ойыншылары Санат:Халл Сити ФК ойыншылары Санат:Астон Вилла ФК ойыншылары Санат:Футболдан Африка чемпиондары