Микаэль Рош (; 24 желтоқсан 1982 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/183665, Папеэте, Таити) — таитилік футболшы, "Дрэгон" клубы мен Таити Ұлттық футбол құрамасының қақпашысы. 2012 жылғы Океания чемпионы. Карьерасы
Клубтық Негізгі мамандығы — автобус жүргізушісі. Одан бөлек дене шынықтыру пәнінің жаттықтырушысы.
Карьерасын 1999 жылы "Женье Папеэте" клубында бастады. Кейін "Монаконың" екінші командасында және бірнеше Францияның төменгі лига клубтарында ойнады. 2009 жылдан бері "Дрэгон" клубының қақпасын қорғап келеді.
Ұлттық құрама Таити Ұлттық құрамасы сапында 2011 жылы тұңғыш рет алаңға шықты. 2012 жылғы ОФК Ұлттар кубогында екі кездесуге қатысты.
2013 жылы Конфедерациялар кубогында ойнады. Екінші турда Испаниямен ойында 10 доп жіберіп алды.
Жетістіктері
ОФК Ұлттар кубогының жеңімпазы: 2012
Дереккөздер
Сілтемелер Профилі
Санат:Таити футболшылары Санат:Таити Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Женье Папеэте ФК ойыншылары Санат:Дрэгон ФК ойыншылары Санат:Футболдан Океания чемпиондары