Хосе Андрес Гуардадо Эрнандес (; 28 қыркүйек 1986 жыл, Гвадалахара) — мексикалық футболшы, Мексика Ұлттық футбол құрамасы мен "Реал Бетис" клубының жартылай қорғаушысы.

Мансабы Клубтық "Атлас" клубының түлегі. 2007 жылы Еуропаға келіп, "Депортиво Ла-Корунья" қатарын толықтырды. 2012 жылы тағы бір испандық клуб — "Валенсияға" ауысты. Бір жылдан соң "Байер 04" клубына жалға берілді де, ол жақта негізгі құрамда көп ойнай алмай, 2014 жылы Нидерландының ПСВ клубына жалға ауысты.

2015 жылы ПСВ Гуардадоны түпкілікті сатып алды. ПСВ сапында екі дүркін Нидерланд чемпионы атанды.

Ұлттық құрама Мексика құрамасы сапындағы тұңғыш ойынын 2005 жылы Болгарияға қарсы жолдастық кездесуде алаңға шықты. 2011, 2015 жылдары КОНКАКАФ Алтын кубогының жеңімпазы атанды. 2007 жылы осы турнирдің финалисі атанды. Төрт бірдей әлем чемпионатына қатысқан: 2006, 2010, 2014, 2018.

Жетістіктері

Клубтық ПСВ

Нидерланд чемпионы (2): 2014/15, 2015/16 Нидерланд суперкубогы: 2015, 2016

Халықаралық Мексика құрамасы

КОНКАКАФ Алтын кубогының жеңімпазы: 2011, 2015 КОНКАКАФ Алтын кубогының қола жүлдегері: 2007 Америка кубогының қола жүлдегері: 2007

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі

Санат:Мексика футболшылары Санат:Мексика Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Атлас ФК ойыншылары Санат:Депортиво Ла-Корунья ФК ойыншылары Санат:Валенсия ФК ойыншылары Санат:Байер 04 ФК ойыншылары Санат:ПСВ ФК ойыншылары Санат:Реал Бетис ФК ойыншылары Санат:Футболдан Солтүстік Америка чемпиондары