Фабиан Делф (; 21 қараша 1989 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/50362, Брадфорд) —англиялық футболшы, Англия Ұлттық футбол құрамасы мен "Манчестер Сити" клубының жартылай қорғаушысы.

Карьерасы

Клубтық "Лидс Юнайтед" клубының түлегі. 2007 жылы осы клубта кәсіби карьерасын бастады да, екі маусымдай доп тепті. Екі маусымда да "Лидс" премьер-лигаға шыға алмады. Бұл Фабианның басқа клуб іздеуіне себепші болды да, 2009 жылы жазда "Астон Виллаға" ауысты.

2012 жылы қаңтар айында туған клубы "Лидске" жалға берілді.

2015 жылы жазда "Манчестер Ситиге" ауысып, бес жылдық келісім шарт жасады.

Ұлттық құрама Англияның бірнеше жастағы құрамаларында ойнады.

2014 жылы 3 қыркүйекте Норвегияға қарсы жолдастық кездесуде тұңғыш рет Англия құрамасы сапында алаңға шықты. 2018 жылы әлем чемпионатына, 2019 жылы УЕФА Ұлттар Лигасына қатысты. Дереккөздер

Сілтемелер

Профилі Профилі Профилі

Санат:Англия футболшылары Санат:Англия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Лидс Юнайтед ойыншылары Санат:Астон Вилла ФК ойыншылары Санат:Манчестер Сити ФК ойыншылары