Анди Хорман Поло Андраде (; 29 қыркүйек 1994 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/189236, Лима, Перу) — перулік футболшы, Перу Ұлттық футбол құрамасы мен "Портланд Тимберс" клубының шабуылшысы.

Карьерасы

Клубтық "Университарио" клубының түлегі. Клуб сапындағы тұңғыш ресми ойынын 2011 жылы 23 сәуір күні не бары 16 жасында "Альянса Атлетико" командасына қарсы өткізді. 7 мамыр күні тұңғыш голын соқты.

2014 жылы 31 қаңтар күні қысқы ауысымда "Интер" сапына өтті. Бірақ дереу Колумбияның "Мильонарис" клубына арендаға кетті де, бір жылдан соң "Интерге" қайта оралды. Орала салысымен тағы да туған клубы "Университариоға" жалға берілді.

2017 жылы қаңтарда "Монаркас Морелияға" түпкілікті ауысты.

Ұлттық құрамада Перу құрамасы сапындағы тұңғыш ойынын 2016 жылы 30 наурыз күні ӘЧ-2018 іріктеуінде Уругвайға қарсы өткізді. 2018 жылы әлем чемпионатына барғанымен, бір кездесуде де алаңға шықпады.

Жетістіктері

Америка кубогының финалисі: 2019

Дереккөздер

Сілтемелер http://int.soccerway.com/players/andy-polo/180970/ http://www.worldfootball.net/player_summary/andy-polo/ http://www.national-football-teams.com/player/63641.html

Санат:Перу футболшылары Санат:Перу Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Университарио ФК ойыншылары Санат:Интернационале ФК ойыншылары Санат:Мильонариос ФК ойыншылары Санат:Атлетико Морелия ФК ойыншылары Санат:Портленд Тимберс ФК ойыншылары Санат:Универсидад Сан-Мартин ФК ойыншылары