Михалис Капсис (; 18 қазан 1973 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/9860, Пирей, Грекия) — грекиялық футболшы, қорғаушы. Грекия Ұлттық футбол құрамасы сапында 2004 жылы Еуропа чемпионы атанды.
Карьерасы
Клубтық Әкесі Антимос Капсис те футболшы болған, "Панатинаикос" сапында ойнаған.
Михалис 1990 жылы "Арис" сапында кәсіпқой карьерасын бастады. Кейін басқа бірнеше грекиялық клубтарда ойнап, 1998 жылы АЕК клубына ауысты да, осы клубтан ұлттық құрамаға шақырту алды.
Кейінгі карьерасында Франция, Грекия, Кипр клубтарында ойнады.
Ұлттық құрама Грекия құрамасында 30-ға жақындағанда ғана шақырту алып, дебют ойындарын ЕУРО-2004 іріктеуінде Украина және Испания құрамаларына қарсы өткізді. Рауль Гонсалес пен Андрей Шевченконы тұсап ұстай алды да, құрамаға пайдалы ойыншы екенін дәлелдеді.
2004 жылы Еуропа чемпионатында да құраманыің негізгі фигураларының бірі болды.
2005 жылы Конфедерациялар кубогына қатысты.
Жетістіктері
Грекия чемпионы: 2006 Грекия кубогы: 2000, 2002, 2006 Кипр чемпионы: 2007 Кипр кубогы: 2008 Еуропа чемпионы: 2004
Дереккөздер
Сілтемелер Футболшының профилі
Санат:Грекия футболшылары Санат:Грекия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:АЕК Афина ФК ойыншылары Санат:Бордо ФК ойыншылары Санат:Олимпиакос Пирей ФК ойыншылары Санат:АПОЭЛ ФК ойыншылары Санат:Левадиакос ФК ойыншылары Санат:Футболдан Еуропа чемпиондары