Нәкен Қойшыұлы Қырықбаев (29 қыркүйек 1975http://footballfacts.ru/players/340603-kyrykbaev-naken-kojshievich — 5 сәуір 2015) — қазақ футболшысы, қақпашы, футбол жаттықтырушысы.
Карьерасы Үлкен футболдағы карьерасын 1993 жылы "Намыс" футбол клубының сапында бастаған. 1994-2008 жылдар аралығында ол еліміздің жеті клубының сапында өнер көрсетті – "Қайрат", "Қайнар", "Қайрат-2", "Тараз", "Восток", "Қайсар" және "Жамбыл".
2012 жылдан бастап бапкерлік қызметке ауысып, бірінші лигадағы үш клубтың қақпашыларын жаттықтырды – "Лашын", "Гефест" және "Мақтаарал".
Нәкен Қырықбаев – спорт шебері. Қазақстан ұлттық құрамасының сапына ілігіп, үш ойын өткізген.
Ол "Тараз" клубының тарихында пенальти тойтарудан рекорд жасаған. Оның бұл рекорды әлі жаңартылған жоқ. Дереккөздер
Сілтемелер Құралбектің ізбасары, қазақтың Нәкені
Санат:Қазақстан футболшылары Санат:Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Намыс ФК ойыншылары Санат:Қайрат ФК ойыншылары Санат:Тараз ФК ойыншылары Санат:Жетісу ФК ойыншылары Санат:Восток ФК ойыншылары Санат:Қайсар ФК ойыншылары Санат:Қазақстан футбол жаттықтырушылары Санат:Мақтаарал ФК жаттықтырушылары