Sevenlight (ағылшын тілінен «жеті жарық») — жеті мемберден тұратын Қазақстандық Q-pop жанрын бағыттаған ең мықты бойзбендтердің бірі. 2019 жылы 27 қыркүйекте "Núkte" əнімен дебют жасады. Топ Lion Pride Entertaiment атты продюсерлік орталықта құрылған.
Топ мүшелері Лақап аты Аты-жөні Туған күні Ұлты Туған жері Топтағы орны JanЖанболат Ертаев2 наурыз 1994 жыл қазақ , Семей Топ басшысы,вокалист,биші Air Данияр Харуллаев 11 қаңтар 1998 жыл қазақ , Алматы рэп орындаушы Levi Константин Ан 3 қыркүйек 1998 жыл корей , Қызылорда биші,рэп орындаушы Mark Алихан Ашен24 шілде 1999 жыл қазақ , Шымкент вокалистNeo Григорий Пён1 қаңтар 2001 жыл корей , басты биші Kael Қуатжан Сәкенай15 маусым 2001 жыл қазақ , Алматы рэп орындаушы Sai Иса Майтпас 2 ақпан 2002 жыл қазақ , Алматы вокалист,биші,топ кенжесі
Тарихы
2016 жыл
2016 жылы Жанболат Ертаев Renzo тобында дебют жасады. Сол аралықта өзінің би - студиясын және жеке киімдер бутигін ашқан.
2017 жыл
Алғаш 2017 жылдың 3 сәуірде Black Dial тобымен Tachi өз өнер жолын бастаған.Бірақ көп ұзамай топ тарап кетті.
2018 жыл
2018 жылдың басында Jan Renzo тобынан шығып қараша айында Жанболат Ертаев инстаграм парақшасына басқа да белгісіз топ мүшелермен түскен суреттерді жүктеген болатын.Gakku арнасының ұжымы Жанболатқа қоңырау шалып мəн жайды анықтайды.Сол кезде жаңа Q-pop топтың дебюті жоспарланып, бейнебаянның да түсірілімі жақын арада басталатындығы белгілі болды.
2019 жыл
2019 жылы 9 наурызда Lion Pride Entertainment ютубтағы арнасында трейнилердің дайындық күндерін көрсететін жобаның 1-інші эпизодын жүктеді.Трейнилер 1 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан "Барыс" Аренада "Juldyzai" қайырымдылық концертінде емтихандық тапсырма ретінде "Bara ber" əнімен сахнада өнер көрсетті.("Bara ber" əнімен алғашында Жанболат Ертаев 2018 жылдың 1 желтоқсан күні "Jyl Tańdaýy 2018" кешінде өнер көрсеткен болатын. Сол күні Жанболатпен бірге топтың қазіргі мүшесі Sai биші ретінде ғана сахнаға шыққан.) 29 маусым күні трейнилер Димаш Құдайбергеновтің "Арнау" атты концертінде екінші рет сахнаға шығады.Кейіннен сол жылы 27 қыркүйек күні ресми түрда топ "Núkte" бейнебаянымен дебют жасады. Бейнебаян алғаш рет Gakku TV арнасында жарық көрді.
2020 жыл
2020 жылы 22 мамыр күні Sevenlight ютубтағы арналарында "Goodbye | Прощание" атаулы видеоны жүктейді. Жанкүйерлердің өкінішіне орай бұл видеода топ мүшесі Tachi топтан кететіндігін ресми түрде мәлімдеді. Оның айтуынша бұл шешім оның өзінің қалауы болған. Сонымен қатар араларында ешқандай келіспеушілік пен ұрыс- керістің болмағандығын айтты.
Сол жылдың 31 мамыр күні ютуб арналарына жаңа видео жүктеледі. Бұл видеодан топқа жаңа мэмбер қосылғандығы мәлім болады. Ол бұрынғы Buira тобының мүшесі G.YON болатын. Оны топтың жанкүйерлері жылы қарсы алды.Кейіннен ол жаңа топта жаңа сахналық есіммен яғни Neo лақап атымен өнер көрсететіндігі анықталды.
14 шілде күні топтың фандомының атауы белгілі болды. Балалар жанкүйерлерін "Lights" яғни "жарықтар" деп атауды жөн көрген екен.
21 қыркүйек күні топтың таралуы туралы топ YouTube арнасында "For Lights" атты видеомен қоштасады. Топтың таралуына әкеліп соқтырған басты мәселе, топтағы мемберлердің топпен жұмыс істегісі келмеуі. Бірақ бұл топтың соңы емес, топ мүшелері жеке әнші ретіндегі жұмыстарын бастап кетті.
Дискография Ән атауыШыққан күніBara ber 7 шілде 2020 жылNukte 27 қыркүйек 2019 жылBeles 7 шілде 2020 жылLie 7 шілде 2020 жылSony ne 3 тамыз 2020 жыл
Видеография +№АтауыШыққан күні1.Núkte27.09.2019
Sevenlight show
Sevenlight Show - Lion Pride Entertainment ұсынған жаңа жоба. Жобаның мақсаты - трейнилердің дайындық күндерін жəне де дебют алу жолындағы жасаған еңбектерін көрсету. Бұл жоба аясында трейнилерге топтық, сонымен қатар жеке тапсырмалар беріліп отырды.
Sevenlight Show Шыққан күні№ 1 Episode 09.03.2019№ 2 Episode 15.03.2019№ 3 Episode 22.03.2019№ 4 Episode 29.03.2019№ 5 Episode 06.04.2019№ 6 Episode 12.04.2019№ 7 Episode 20.04.2019№ 8 Episode 27.04.2019№ 9 Episode 15.05.2019№ 10 Episode 24.05.2019№ 11 Episode 04.06.2019№ 12 Episode 24.06.2019№ 13 Episode 05.07.2019№ 14 Episode 28.08.2019№ 15 Episode 18.09.2019
Сілтемелер Sevenlight инстаграмда Sevenlight ютубта
Дереккөздер
Санат:Q-pop Санат:Қазақстан музыкалық ұжымдары Санат:Sevenlight