«Сконто» () — 1992 жылдан 2016 жылға дейін Латвия чемпионаттарында ойнаған Рига қаласындағы футбол клубы.
Тарихы 1992-2005 жылдары үздіксіз қатарынан 14 рет Латвия чемпионы атанып, әлемдік рекорд жасады. Бұл жылдарда клуб сапында Марис Верпаковскис, Марьян Пахарь, Александр Колинько, Виталий Астафьев, Игорь Степанов, Имант Блейделис, Юрис Лайзанс, Михаил Землинский, Валентин Лобанёв, Андрей Рубин секілді футболшылар ойнады.
2016 жылы қаңтар айында лицензия ала алмай, Латвия бірінші лигасына түсіп кетті де, сол жылдың соңында таратылды.
Жетістіктері
Латвия чемпионы: 1992, 1993, 1994, 1995, 1996, 1997, 1998, 1999, 2000, 2001, 2002, 2003, 2004, 2010. Латвия кубогы: 1990, 1992, 1995, 1997, 1998, 2000, 2001, 2002, 2012. Достастық кубогының финалисі: 2001, 2003, 2004.
Атаулары
«Форум-Сконто» (1991) «Сконто» (1992 — 2016)
Атақты бапкерлері
Александр Старков (1993-2004, 2009-2011) Марьян Пахарь (2011-12)
Сілтемелер Ресми сайты Клубтық маркетинг сайты Фан-Сайт Zahodins, «Skonto» radītājs un Latvijas patriots, par mūsu futbola vēsturi
Санат:2016 жылы жабылған футбол клубтары Санат:Латвия футбол клубтары