TXT (; TXT – Tomorrow X Together-ден қысқартылған) — 2019 жылы BigHit Entertainment компаниясының қолдауымен құрылған Оңтүстік Кореялық жігіттер тобы. Топ 5 адамнан тұрады: Ёнджун, Субин (лидер), Бомгю, Тэхён және Хюнин Кай. TXT 2013 жылы құрылған. BTS тобынан кейін Big Hit Entertainment лейблының бірінші тобы болып табылады. нобай|TXT тобының логосы Топ атауы Топ атауы — «Tomorrow X Together» фразасының акронимі. Корей тілінде топ атауы «투모로우바이투게더» деп жазылады, немесе Хангыльде «ертең бірге» () дегенді білдіреді. Big Hit Entertainment компаниясына сәйкес, топ атауы барлық топ мүшелерінің «жаңа ертеңді құру үмітімен бір арманның астында жиналу» идеясын айқын көрсетеді. Сонымен қатар топ атауы барлық топ мүшелерінің бір-бірінен ерекшеленетінін, бірақ бірге синергияны түзіп, жаңа ертеңді құруды армандайтынын түсіндіреді.

Топтың фандомының атауы - «Moments of Alwaysness».

Карьерасы

Дебютқа дейін Жаңа бойбендті құру жоспары 2017 жылы Big Hit Entertainment-інің қалаушысы Бан Ши Хёкпен жарияланған болатын. Ресми түрде топты құру жоспары 2018 жылдың қараша айында хабарланды. Дебют 2019 жылдың басында болуы тиіс керек еді. Кейін топта 5 мүше болатындығы, дебюттың наурызда өтетіндігі айтылды, алайда компания бұл информацияны жоққа шығарды. 2019 жылдың 10 қаңтарында TXT веб-сайт арқылы танылды. Келесі 10 күнде әр топ мүшесімен интро-видеолар ұсынылды. Соңында барлық финалды құраммен:Ёнджун, Субин, Бомгю, Кай және Тэхёнмен тизер ұсынылды. "Сұрақ-фильм" аталған видео-тизерлер қаңтардың соңғы аптасында көрсетілді. 2019ж.: The Dream Chapter: Star және The Dream Chapter: Magic 7 ақпан Big Hit дебюттың мерзімін ресми түрде жариялады - 4 наурыз. Дебюттық шоу Mnet телеканалында көрсетілді, сонымен қатар дебюттық альбомның аты айтылды − Dream Chapter: Star. Дебюттық шоукейс 5 наурыз күні Yes24 Hall-да өткізілді. 21 ақпан альбомның трек-листі жарияланды. 26 ақпанда «어느날 머리에서 뿔이 자랐다 (CROWN)» видеоклипінің бірінші тизері жарыққа шықты. Тағы 19-22 ақпан аралығында әлі шықпаған альбомның 100 000 -нан аса көшірмесі алдын ала тапсырыс берілгені хабарланды. 12 наурыз, дебюттан 8 күн өткен соң, TXT өзінің бірінші марапатын The Show-да алды.

Альбомның шыққанынан 1 апта өткен соң топ Billboard Emerging Artists, World Albums және World Digital Song Sales-да № 1 болып дебют жасады және алғаш рет Billboard 200 чартында №140 болды, осы көрсеткіш оларды K-Pop-тағы ең жылдам өсуші топ етті.

24 сәуір «Cat & Dog» видеоклипі шықты. 3 мамыр «Cat & Dog»-тың ағылшын тіліндегі нұсқасы мен клипі шықты.

25 сәуір топтың фан-клубы «YOUNG ONE» деп аталатыны мәлімделді. Алайда ол атау жойылды, себебі Хван Тиффаниде де осындай фандом аты болды. Кейінірек, 22 тамыз фан-клубтың ресми есімі -«MOA» деп хабарланды.

9 мамыр топ Нью-Йоркта «Tomorrow x Together Showcase: Star in US» турының аясында шоукейс өткізді. Нью-Йорктан бөлек TXT тағы 5 қалада шоукейс өткізді: Чикаго, Орландо, Атланта, Даллас және Лос-Анджелес. Тур 9-24 мамыр арасында өтті.

2019 жылдың 8 тамызы Big Hit Entertainment компаниясы өздерінің альбомды тамызда шығаруын жоспарлағаны, бірақ Субин инфекциялық конъюнктивитпен ауырып, Ёнджун арқадағы ауырудан қиналғандықтан, камбэк қыркүйекте болатындығы жайлы хабарлады. 20 тамыз Big Hit Тэхён мен Кай да конъюнктивитпен ауырып жатқаны, осылайша, альбомның басқа мерзімге, яғни қазанға өзгертілуін жариялады.

Топ мүшелері + Лақап аты Шын есімі Туған күні Топтағы қызметі Қазақша Ағылшынша ҚазақшаХангыль Субин Soobin Чхве Су Бин 최수빈 05.12.2000 Лидер Ёнджун Yeonjun Чхве Ён Джун 최연준 13.09.1999 -* Бомгю Beomgyu Чхве Бом Гю 최범규 13.03.2001 -* Тэхён Taehyun Кан Тэ Хён 강태현 05.02.2002 -* Хюнин Кай Huening Kai Кай Камал Хюнин 휴닝카이 14.08.2002 -* * - TXT-да ресми позициялар жоқ, тек Субин ғана лидер қызметін атқарады.

Дискография

Студиялық альбомдар + Студиялық альбомдар туралы мәлімет, чарттағы позициялары және сатылымдарының тізімі Атауы Мәлімет Чарттағы позициялары Сатылымдар КОR(Gaon Album Chart) AUS(ARIA Digital Album Chart)Dig.]] FRA(SNEP)Dig.]] JPN(Oricon Albums Chart) US(Billboard charts) The Dream Chapter: Magic Жарияланды: 21 қазан, 2019 жыл Лейблы: Big Hit Форматтары: CD, Музыканы жүктеу, ағындық мультимедиа 1 22 39 11 3 Корея: 202,302 Япония: 10,000 АҚШ: 2,000

Мини-альбомдар + Мини-альбомдардың чарттағы позициялары мен сатылымдарының тізімі Атауы Мәлімет Чарттағы позициялары Сатылымдар KOR(Gaon Music Chart) BEL(Ultratop) CAN(Canadian Albums Chart) FR(SNEP) JPN(Oricon Albums Chart) SWI US(Billboard 200) The Dream Chapter: StarЖарияланды: 4 наурыз, 2019 жыл Лейбл: Big Hit Форматтары: CD, музыканы жүктеу, ағындық мультимедиа 1 98 100 11 3 58 140 Корея: 203,795 Япония: 24,796 АҚШ: 4,000

Синглдар + Синглдардың чарттағы позициялары, шығарылған жылы мен альбомының атауы бар тізім Атауы Жылы Чарттағы позициялары СатылымдарыАльбомKOR(Gaon Digital Chart)KOR(Kpop Hot 100) NZ(Official New Zealand Music Chart) "Run Away": US(Billboard charts) "Crown" 2019 86 21 29 1 rowspan="3" The Dream Chapter: Star "Cat & Dog" — — — — rowspan="2" "Our Summer" — — — — "9 and Three Quarters (Run Away)" 109 71 26 2 US: 2,000 The Dream Chapter: Magic "—" чартта болмаған немесе осы аймақта жарияланбаған.

Басқа әндер + Әндердің чарттағы позициялары, шығарылған жылы мен альбом атауы көрсетілген тізім Атауы Жылы Чарттағы позициялары АльбомKOR(Kpop Hot 100)US(Billboard charts)Billboard World Digital Song Sales:

"Blue Orangeade" 2019 — 10 The Dream Chapter: Star "Cat & Dog" — 14 "Our Summer" — 17 "New Rules" 100 16 The Dream Chapter: Magic "20cm" — 18 "Angel or Devil" — 21 "—" чартта болмаған немесе осы аймақта жарияланбаған.

Музыкалық видеолар Атауы Жылы Режиссеры Қосымша мәлімет Сілтемелер "Crown" 2019 Oui Kim (GDW) "Crown (Choreography Version)" Oui Kim (GDW) Performance Video "Blue Orangeade" Kim Jakyoung (Flexible Pictures) Lyric Video "Cat & Dog" Oh Jiwon (UNDERMOOD FILM) "Cat & Dog (English ver.)" Oh Jiwon (UNDERMOOD FILM) "Nap of a Star" Seong Wonmo (Digipedi) TU-certified content "Our Summer" TXT Selfie version "Run Away" Oui Kim (OUI), Yongseok Choi (Lumpens) "Magic Island" Seong Wonmo (Digipedi) TU-certified content "Angel Or Devil" Kim Jakyoung (Flexible Pictures)

: Big Hit Entertainment-пен сертификацияланған TXT Universe(TU) немесе TXT ғаламы атты контент.

Фильмография

Телевизиялық шоулар Жыл Атауы Телеканал Ескертпелер2019ONE DREAM.TXTMnetTXT-based reality show, 8 ЭпизодTALK X TODAY V live & YoutubeTXT-based reality show, 2 сезон

Марапаттар мен номинациялар

Genie Music Awards ЖылНоминантНоминацияНәтижесі2019TXTBest New Male Artist

BreakTudo Awards ЖылНоминантНоминацияНәтижесі2019TXTBest International Debut MV SORIBADA ЖылНоминантНоминацияНәтижесі2019TXTRookie Award 2020TXTArtist Award https://en.wikipedia.org/wiki/Soribada_Best_K-Music_Awards#Artist_Award

Melon Music Awards(MMA) ЖылНоминантНоминацияНәтижесі2019TXTBest New Male Artist Of The Year

Mnet Asian Music Awards(MAMA) ЖылНоминантНоминацияНәтижесі2019TXTBest New Male Artist https://www.mwave.me/en/mama/history/winners/list?years=2019 2019TXTWorldwide Fans' Choice 2020TXTWorldwide Fans' Choice https://www.mwave.me/en/mama/history/winners/list?years=2020 2020TXT(Can't You See Me?)Favourite Dance Performance Group

Дереккөздер

Санат:K-pop Санат:Оңтүстік Корея музыкалық топтары Санат:2019 жылы құрылған музыкалық ұжымдар