Валерий Васильевич Гаркуша (14 наурыз 1977 жылhttps://www.national-football-teams.com/player/3520.html, Қостанай) — қазақстандық футболшы, шабуылшы, футбол жаттықтырушысы.
Карьерасы Карьерасында "Тобыл", Тараз", "Ақтөбе" клубтарында ойнады.
"Тобыл" сапында 12 жыл бойы доп тепті. Бірақ Қазақстан чемпионы атана алмады, есесіне 2007 жылы Интертото кубогын ұтты, бірнеше дүркін күміс және қола жүлденің иесі атанды.
2008 жылғы маусымның жартысын "Таразда" өткізді, бірақ бір кездесуде де алаңға шыққан жоқ, екінші бөлігін "Ақтөбеде" өткізіп, маусым соңында Қазақстан чемпионы атанды.
2001-04 жылдары Қазақстан құрамасында ойнады. 2004 жылы 28 сәуірде Әзірбайжанға қарсы жолдастық кездесуде жарақат алып, қайтадан құрамаға шақырылған жоқ.
Жетістіктері
"Тобыл"
Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2003, 2005, 2007 Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері: 2002, 2004, 2006 Интертото кубогы: 2007 Қазақстан кубогы: 2007.
"Ақтөбе"
Қазақстан чемпионы: 2008
Дереккөздер
Сілтемелер Профилі
Санат:Қазақстан футболшылары Санат:Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Тобыл ФК ойыншылары Санат:Тараз ФК ойыншылары Санат:Ақтөбе ФК ойыншылары Санат:Қазақстан футбол жаттықтырушылары