Хьюго Стрейндж () — америкалық комикстерде көрінетін Бэтменнің жауы, DC Comics баспасының суперзұлымы. Алғаш рет Detective Comics #36 (1940 ақпан) комиксінде пайда болды. Бэтменнің тұрақты жауларының бірі, Джокер мен Мысық-әйелден бірнеше ай бұрын пайда болған. Хьюго Стрейндж Бэтменнің шын есімін біліп алған ең алғашқы зұлым.

Өмірбаяны Дағдарысқа дейін Хьюго Стрейндж алғаш рет ғалым ретінде көрінді. Ол «жиналған найзағай» тудыратын машинаны ұрлап алып, бандылар банк тонағанда осы машина арқылы қалың тұман жасап отырған. Тұманның арқасында қылмыскерлер көрінбей оңай қашып құтылып отырады. Осы кезден-ақ ол Бэтменнің өзіне үлкен қауіп төндіретінін білген. Бэтмен Хьюго Стрейндждің эксперименттері жайлы әбден қанығады. Дәрігердің қызметшілерінің бірі адам өлтіргенде Бэтмен оған қатысты тергеу жүргізе бастайды. Қызметшілері тұтқындалғаннан кейін Хьюго Стрейндж Бэтменді ұстап алу үшін тұзақ құруды ойластырадыBatman (vol. 1) #1The Brave and the Bold #182.

Дереккөздер

Санат:1940 жылы пайда болған комикс кейіпкерлері Санат:Комикс кейіпкерлері Санат:DC Comics кейіпкерлері Санат:Бэтмен Санат:DC Comics суперзұлымдары Санат:Боб Кейн ойлап тапқан кейіпкерлер Санат:Билл Фингер ойлап тапқан кейіпкерлер