Қарауылтөбе – Тарбағатай жотасының оңтүстік-батыс сілемі.

Географиялық орны Абай облысы Үржар ауданы жерінде.

Жер бедері Орташа биіктігі 700-750 м, ұзындығы 25-30 км. Аласа қырқалары мен төбелерінің беткейі көлбеу. Тау етегінде бұлақ көп. Баурайымен Аягөз–Бақты автомобиль жолы өтеді.

Геологиялық құрылымы Палеозойдың гранитті, гранодриоритті және шөгінді жыныстарынан түзілген.

Өсімдігі Бозғылт қоңыр топырақ жамылғысында шөлейт далаға тән өсімдіктер өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Үржар ауданы таулары