Қаратөбе – Күрті бөгенінің оңтүстік-шығысындағы тау.
Географиялық орны Алматы облысы Іле ауданы, Қараой ауылының солтүстік-батысында 20 км жерде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 764 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 10 км-ге созылып жатыр, енді жері 8 км. Беткейі жайпақ келген. Солтүстігінде Қостөбе, Тасқара шоқылары, шығысында Мойынқұм құмы, батысында Сорбұлақ көлі орналасқан.
Өсімдігі Сортаңды қоңыр топырақ жамылғысында топырағында теріскен, еркек шөп, жусан, т.б. шөптесін өсімдіктер өседі. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Іле ауданы таулары