Родриго Силва де Гоис (; 9 қаңтар 2001 жыл, Озаску) — бразилиялық футболшы, Бразилия Ұлттық футбол құрамасы мен "Реал Мадрид" клубының шабуылшысы.
Мансабы Сантос "Сантос" клубының түлегі. 2017 жылы шіілде айында клубпен кәсіби келісім шартын жасасты. 2017 жылы 4 қарашада тұңғыш рет алаңға шықты. 2018 жылы 25 қаңтарда тұңғыш голын "Понте-Прета" қақпасына соқты (Паулиста лигасында).
Реал 2019 жылы шілдеде "Реалға" ауысты. Трансфер құны — 45 млн еуро. 25 қыркүйек күні тұңғыш рет мадридтік клуб сапында "Осасунаға" қарсы ойында алаңға шықты. Бұл матчта Каземироға нәтижелі пас шығарды.
6 қараша күні УЕФА Чемпиондар лигасында хет-трик жасаған ең жас футболшы атанды, топтық кезеңнің төртінші турында "Галатасарай" қақпасына үш гол соқты.
Ұлттық құрама 2019 жылы 15 қарашада Аргентинаға қарсы ойында тұңғыш рет ұлттық құрама сапында алаңға шықты.
Жетістіктері
Командалық
Испания суперкубогы: 2019/20 Испания чемпионы: 2019/20
Жеке Паулиста лигасындағы үздік жаңа есім: 2018
Дереккөздер
Сілтемелер Футболшының профилі
Санат:Бразилия футболшылары Санат:Сантос ФК ойыншылары Санат:Реал Мадрид ФК ойыншылары Санат:Бразилия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары