Диего Алвес Каррейра (; 24 маусым 1985 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/42373, Рио-де-Жанейро) — бразилиялық футболшы, қақпашы. 2008 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері.
Карьерасы "Атлетико Минейро" клубының түлегі. Кейін Испанияның "Алмерия", "Валенсия" клубтарында ұзақ жылдар ойнады. Бірақ Испания чемпионаттарында ешқандай жүлде ала алмады.
2017 жылы шілдеде "Фламенгоға" ауысты.
Ұлттық құрама сапында 2011 жылы11 қарашада Габонға қарсы ойында тұңғыш рет алаңға шығып, гол жібермеді. Ірі турнирлерден 2016 жылғы Америка кубогына қатысты.
Жетістіктері
Клубтық
Рио-де-Жанейро штатының чемпионы (1): 2019 Минас-Жерайс штатының чемпионы (1): 2007 Бразилия чемпионы (1): 2019 Бразилия вице-чемпионы (1): 2018 Бразилия Всериясының чемпионы (1): 2006 Бразилия кубогының финалисі (1): 2017 Либертадорес кубогының жеңімпазы: 2019
Халықаралық
Жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері (1): 2008
Дереккөздер
Сілтемелер Профилі Профилі
Санат:Бразилия футболшылары Санат:Бразилия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Атлетико Минейро ФК ойыншылары Санат:Альмерия ФК ойыншылары Санат:Валенсия ФК ойыншылары Санат:Фламенго ФК ойыншылары