Гийом Франсуа Лопиталь — француз математигі, дифференциальды есептеу бойынша кітаптың авторы. Математикалық анализдің қиын мәселелерін зерттеумен айналысқан.https://math.ru/history/people/Lopital
Өмірбаяны 1661 жылы беделді отбасында туылды. Әкесі патша әскерінің генерал-лейтенанты болды. Жастайынан латын тілі бойынша әлсіз нәтиже көрсетіп, математика саласына қызығушылық танытқан болатын. Геометрия ғылымына қызыққан Лопиталь бұл пәнді өз бетімен зерттеді. http://math4school.ru/lhopital.html
Отбасындағы ерлер әскери іске жақын болғандықтан, болашақ ғалым ең алдымен әскерге барды. Көзінің нашар көруіне байланысты әскерден босатылды.
1693 жылы Париж ғылым академиясының мүшесі болып тағайындалды.
Ең басты жетістігі Лопиталь ережесін тұжырымдауы болып есептеледі.
1704 жылы кенеттен ауырып, төсек тартып қалады. Ақпан айының басында дүниеден өтті.
Шығармалары
Лопиталь. Анализ бесконечно малых. М.-Л.: ГТТИ, 1935
Дереккөздер
Қазақ энциклопедиясы