Роберто Мусси (; 25 тамыз 1963 жыл, Маска, Тоскана, Италия) — италиялық футболшы, қорғаушы. Италия Ұлттық футбол ққрамасында ойнаған. 1994 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері.
1994 жылғы әлем чемпионатына қатысып, үш кездесуде алаңға шықты (1/8 финал — Нигерия, 1/2 финал — Болгария, финал — Бразилия). Нигериямен ойынның 88-минутында Роберто Баджоға нәтижелі пас шығарып, командасын жеңілістен құтқарып қалды.
1996 жылғы Еуропа чемпионатына да қатысты, бұл турнирде Италия топтық кезеңнен өте алмады, Мусси топтық турнирдегі үш кездесуде де алаңға шықты. Осы турнирден соң құрамада қайта ойнамады. Жетістіктері
«Милан»
Италия чемпионы: 1987/88 Италия суперкубогы: 1988 Еуропа чемпиондар кубогы: 1988/89
«Торино»
Италия кубогы: 1992/93
«Парма»
Италия кубогы: 1998/99 УЕФА кубогы: 1994/95, 1998/99
Сілтемелер
http://www.magliarossonera.it/protagonisti/Gioc-Mussi.html https://static.fifa.com/fifa-tournaments/players-coaches/people=91393/index.html http://www.tuttotoro.com/toro-torinofc/8/23532/AMARCORD-GRANATA--ROBERTO-MUSSI-E-MARCO-OSIO.html
Санат:Италия футболшылары Санат:Италия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Парма ФК ойыншылары Санат:Милан ФК ойыншылары Санат:Торино ФК ойыншылары Санат:Массезе ФК ойыншылары