Рихард Мёллер-Нильсен (; 19 тамыз 1937http://www.national-football-teams.com/player/41483.html, Убберуд, Оденсе — 13 ақпан 2014, Оденсе) — даниялық футболшы, футбол жаттықтырушысы.
Дания құрамасы 1990 жылы Зепп Пионтектің орнына Дания Ұлттық құрамасының жаттықтырушысы боп тағайындалды. Ә дегенде ойыншылармен қарым-қатынасы жақсы болмай, көпшілік наразылық танытты, бірақ ЕУРО-1992 турнирінің іріктеуінде біртіндеп күш ала бастады. Дегенмен топта Югославиядан кейін екінші орында қалып, финалдық кезеңге жолдама ала алмады.
Данияның бақытына орай, БҰҰ Югославия құрамасына санкция жариялады да, олар ЕУРО-1992-ге бара алмайтын болып, орнына Дания жіберілді. Чемпионатқа бірнеше күн қалғанда үйін күрделі жөндеуден өткізіп жатқан Рихард Меллер ойыншыларын түгел жинауға үлгермей, турнир өтетін Швецияға асығыс аттанды.
Турнир барысында Дания оншалық жарқырамады, алғашқы екі кездесуде бір ғана ұпай жинады. Тек үшінші турда күтпеген жерде Францияны 2:1 есебімен ұтып кетті де, жартылай финалға жолдама алды. Жартылай финалда азуы алты қарыс Нидерланд да қапы қалды (Дания пенальтилер арқылы жеңіске жетті). Ал финалда Германияны 2:0 есебімен ұтып, Еуропа чемпионы атанды.
Жыл соңында Рихард "Жыл жаттықтырушысы" номинациясының жеңімпазы атанды.
ӘЧ-1994 іріктеуінде де Дания жақсы ойнады, бірақ шешуші кезеңге өте алмады. 1995 жылғы Конфедерациялар кубогында Дания тағы да жеңімпаз атанды.
Ал 1996 жылғы Еуропа чемпионатында топтық кезеңнен аса алмай, турнирден соң Рихард қызметтен кетті.
Кейінгі карьерасында Израиль, Финляндия құрамаларын жаттықтырды, алайда есте қаларлық нәтиже көрсете алмады.
Жетістіктері
Командалық
Бапкер ретінде Оденсе
Дания чемпионы: 1977, 1982 Дания кубогы: 1983
Дания
Еуропа чемпионы: 1992 Конфедерациялар кубогы: 1995
Жеке
Жыл бапкері: 1992
Дереккөздер
Сілтемелер Профилі
Санат:Дания футболшылары Санат:Дания Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Дания футбол жаттықтырушылары Санат:Оденсе ФК жаттықтырушылары Санат:Эсбьерг ФК жаттықтырушылары Санат:Дания Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары Санат:Финляндия Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары Санат:Израиль Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары Санат:Оденсе ФК ойыншылары Санат:Свендборг ФК жаттықтырушылары