Қастек — Алматы облысы Жамбыл ауданы, Талап ауылдық округі құрамындағы ауыл.

Географиялық орны Аудан орталығы - Ұзынағаш ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 30 км-дей жерде, Қастек өзенінің жағалауында, Суықтөбе тауының солтүстік-шығыс баурайындағы жусан, ши, бұта аралас әр түрлі астық тұқымдас шөптесін өскен бозғылт қоңыр, қоңыр топырақты тауалдының құрғақ жазығында орналасқан.

Тарихы 1963-97 жылдары Амангелді атындағы қой кеңшарының орталығы болды. Оның негізінде 1997 жылдан Қастек ауылында 50-ге жуық шаруа қожалығы құрылды.

Инфрақұрылымы Орта мектеп, фельдшеракушерлік пункт, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы катынасады.Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен899893 1023 114,6 441 533 120,9 452 490 108,4

Дереккөздер

Санат:Жамбыл ауданы (Алматы облысы) елді мекендері