Сағынғали Сейітов (20.11.1917, қазіргі Батыс Қазақстан облысы Тайпақ ауданы, Қурайлысай ауылы) — ақын, сыншы, әдебиет зерттеушісі, филология ғылымы кандидаты (1961).
Еңбек жолы Орал су транспорты рабфагын (1937) бітірген. Қазақ педагогикалық институтын бітірген (1947). 1941 — 47 ж. әскер қатарында болып, 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. 1947-1949 жылдары Қазақстан Ғылым Академиясы Тіл және әдебиет институтында ,ылыми қызметкер 1949-1951 жылдары Қазақстан КП ОК-нің Үгіт, насихат, әдебиет және көркемөнер бөлімдерінде түрлі қызметтер атқарды. Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасының директоры (1951 — 52) Әдебиет және өнер институтында бөлім меңгерушісі, аға ғылыми қызметкер (1952 жылдан) болған.
Шығармашылығы “Большевиктер” атты тұңғыш өлеңдер жинағы 1951 ж. жарық көрді. Сейітовтің 40-тан астам кітабы баспадан шыққан. Жыр жинақтарымен қатар “Қырық жылда” (1957) “Ақын сапары” (1958) “Өмір өрнектері” (1969) “Тоғысқан толқындар” (1974) “Туысқандық туғызған” (1979) “Өлең өлкесінде” (1984) “Пушкин лирикасын қазақ тіліне аудару дәстүрі”, т.б. әдеби-зерттеу еңбектері бар. Аудармалары Г.Гейне, А.С. Пушкин, М.Ю. Лермонтов, В.Маяковский, т.б. шығармаларын қазақ тіліне аударған.
Марапаттары 2-дәрежелі Отан соғысы ордені Қызыл жұлдыз ордені Қаратөбе ауданының құрметті азаматы.
Дереккөздер
Санат:20 қарашада туғандар Санат:1917 жылы туғандар Санат:Тайпақ ауданында туғандар Санат:Қазақстан ақындары Санат:Қазақстан әдебиет сыншылары Санат:Қазақ әдебиетін зерттеушілер Санат:Филология ғылымдарының кандидаттары Санат:Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті түлектері Санат:Екінші дүниежүзілік соғыстың қатысушылары Санат:Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты қызметкерлері Санат:Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты қызметкерлері Санат:Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері Санат:II дәрежелі Отан соғысы орденінің иегерлері Санат:Қызыл Жұлдыз орденінің иегерлері Санат:Қаратөбе ауданының құрметті азаматтары