Наталья Алимжановна Вячеслановна (4 қазан 1968) — қазақстандық жеңіл атлетші, 400 метр қашықтыққа жүгіруден ХДСШ-і. Республиканың әлденеше мәрте чемпионы әрі рекордшысы.

Өмірбаяны Азия (1993, Шығыс Азия елдері ойындарының 1997), Азия ойындарының (1998 Бангкок, Тайланд, 2002 Пусан Оңтүстік Корея) Азияның 5 дүркін чемпионы. 1994 жылы Лондонда өткен 28-ші Олимпияда ойындарының (5-ші орын) қатысушысы. 1994 жылы Хиросимада өткен Азия ойындарың қола жүлдегері. Жолымбетов Ө., Құлназаров А. ҚАЗАҚСТАН - спортшылар елі. Энциклопедиялық анытамалық. – Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009. – 880 бет

Балалық шағы Наталья жеңіл атлетикамен Кемерово қаласында әкесінің (Вячеслав Александрович Торшин) үйінде айналыса бастады. Дәрігерлер анасына климатты өзгертуге ұсынды, осыған байланысты отбасы Жамбылға көшіп келді. Әкесі мен анасы бірге Натальяны институттың екінші курсына дейін жаттықтырып, дайындады. Алматыға келген соң Наталья Любовь Ивановнаға және Владимир Иванович Никитенкоға ауысты. Ал құрама команда құрамында Наташаны Александр Дениско жаттықтырды.

Мансабы Азияның екі дүркін чемпионы, Азия ойындарының үш дүркін жеңімпазы. Шығыс Азия ойындары мен Афро-Азия ойындарының жеңімпазы. Халықаралық турнирлердің және Қазақстан Республикасының ұлттық чемпионатының бірнеше мәрте жеңімпазы.

1993 жылы Ресей чемпионатында өнер көрсетіп, қола жүлдеге ие болды.

1996, 2000 және 2004 жылдардағы Олимпиада ойындарының қатысушысы.

Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері. 400 метрге кедергілер арқылы жүгіруден Қазақстанның қолданыстағы рекордының иегері.

Марапаттары Екі дүркін Азия чемпионы, Азия ойындарының үш дүркін жеңімпазы. Шығыс Азия ойындары мен Афро-Азия ойындарының жеңімпазы. Халықаралық турнирлердің, Қазақстан Ұлттық чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы. 1993 жылы Ресей чемпионатында қола медаль жеңіп алды. 1996, 2000 және 2004 жылдардағы олимпиадалардың қатысушысы. Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері. 400 метрге жүгіруде қазіргі Қазақстан рекордының иегері.

Дереккөздер