«Қазақша бизнес Кореяда» — толық метражды көркем фильм, «Қазақша бизнес» медиафраншизасының төртінші фильмі. 2019 ж. Kazteleproduct және The Groove киностудиялары шығарған.
Сюжеті Жомарт Қанатұлының отелінде халықаралық конференция өтпекші. Онда жаңа техника түрлері таныстырылады. Жомарт сол себепті отелді жоғары технологиялық тұрмыс техникасымен жарақтай бастайды. Швейцар Бақдәулет өте қымбат жабдықты сындырып алады. Оны тек Сеулде ғана жөндеуге болады. Кейіпкерлер сол үшін Оңтүстік Кореяға аттанады. Бұрынғыдай келеңсіз оқиғаларға ұрынбау үшін Еркошты Қазақстанда қалдырып кетедіҚазақша бизнес Кореяда .
Рөлдерде Жомарт Балтабаев — Нұрлан Қоянбаев Ален — Жан Байжанбаев Еркош — Рамазан Амантай Айсұлу — Гүлназ Жоланова Мақпал — Дариға Бадықова
Дереккөздер
Санат:Қазақстан кинокомедиялары Санат:2019 жылғы Қазақстан фильмдері Санат:Қазақша бизнес Санат:Ален Ниязбеков фильмдері Санат:2019 жылғы кинокомедиялар Санат:Отбасы туралы фильмдер Санат:Қазақ тіліндегі фильмдер Санат:Орыс тіліндегі фильмдер Санат:Алматыда түсірілген фильмдер Санат:Оңтүстік Кореяда түсірілген фильмдер