Халицин (SU-3327) — c-Jun N-ұшы киназа (JNK) ферментінің ингибиторы ретінде әрекет ететін химиялық қосылыс. Ол бастапқыда қант диабетін емдеу үшін жасалынған, алайда сынақ нәтижесі нашар болғандықтан, зерттеу жұмыстары жалғаспады.

Дегенмен, 2019 жылы Массачусетс технологиялық институтының зерттеушілері in silico терең оқыту әдісін қолдану арқылы халициннің кең спектрлі антибиотик болуы мүмкін екенін анықтады. Бұл кейіннен жасуша дақылдарын in vitro, ал тышқандарда in vivo сынау арқылы тұжырым растады. Ол Clostridium difficile, Acinetobacter baumannii және Mycobacterium tuberculosis секілді дәріге төзімді штамдарына қарсы белсенді әсер ететіні анықталды. Халицин бактерия жасушасындағы темірдің секвестрленуін шақырады, осылайшы олардың жасуша мембранасы арқылы рН үйлесімін реттеу мүмкіндігіне бөгет жасайды. Бұл әсер ету механизмі оны көптеген антибиотиктерден ерекшелейді, сондыұтан халицин жиі қолданылатын дәрілерге төзімділік дамыған бактерия штамдарына қарсы белсенді болады.

Дереккөздер

Санат:Антибиотиктер