«Батырдың жүрегі» (, сөзбе-сөз атауы: «25 Жота») — 2011 жылғы америкалық драма фильмі. Бұл фильм әлемдік жастардың жарысы "Дерби сабын қорабы" туралы. Бұл жарыстың чемпионаты әр жылдың шілде айында, Акрон қаласында, Огайо штатында өткізіледі. Режиссёр Корбин Бернсеннің жұмысы. Басты рөлдерде Натан Гэмбл, Корбин Бернсен, Морин Фланниган, Ральф Уэйт.
Сюжет 12 жастағы Трей Колдуэлл әкесі Ауғанстандағы соғыста қайтыс болғаннан кейін өмірінің мәнін жоғалтты. Әкесі оған жазылмас жара мен аяқталмаған сабынды қорапты қалдырып кетті. Бұл оқиғадан кейін Трейдің сабақ үлгерімі төмендеп кетті. Трей оқитын мектептің директоры оны өрт сөндіру бекетінде жұмыс істейтін Рой Гиббсқа жібереді. Өр сөндіру бекетінің басшысы Ройдың өміріндеде үлкен қайғы орнаған. Оның ұлы 911 қызметінде жұмыс істеп жүріп оқыс қайтыс болған. Екеуінің кездесуінен кейін жаңа өмір басталғандай. Екі адамнан құралған кішігірім топ сабынды қораптың, яғни көліктің жұмысын аяқтайды және алда келе жатқан Дерби жарысына дайындалады.
Рөлдерде АктёрРөліСипатыНатан ГэмблТрей КолдуэллДерби жарысына қызықпайтын балаКорбин БернсенРой ГиббсТрейге дерби көлігін құрастыруға көмектесетін адамМорин ФланниганМэгги КолдуэллТрейдің анасы, оны қолдайтын жанРальф УэйтЭдТрейге көмектесетін адамТимоти ОмундсонТомас КолдуэллТрейдің әкесіБейли МэдисонКейт СлейтерТрейдің қас жауыБрэд РейдерДерек СлейтерКейттің әкесіЭндрю НеллисӘскери адамӘкесінің өлімін хабарлаған адамТодд ХинтонӘскери адамӘкесінің өлімін хабарлаған адамСкотт ШервудӘскери адамӘкесінің өлімін хабарлаған адамДжим КларкЖергілікті Шығыс хабарламасын дыбыстаушы
Өндіріс Түсірілім Акрон қаласында, Огайо штатында 2010 жылғы 7 сәуірде басталып, пост-продакшнға 13 тамыз жіберілді.
Сілтемелер
Санат:АҚШ драма-фильмдері Санат:2011 жылғы фильмдер Санат:Ағылшын тіліндегі фильмдер