Шортанды — Ақмола облысы Шортанды ауданындағы кент, темір жол бекеті, аудан (1939 жылдан) және Шортанды кенттік әкімдігі орталығы.
Географиялық орны Облыс орталығы - Көкшетау қаласының оңтүстік-шығысында 225 км жерде, Дамса өзенінің жағасында орналасқан.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен71786268 6562 104,7 3032 3226 106,4 3236 3336 103,1
Тарихы Іргесі 1929 жылы Көкшетау – Ақмола темір жолының салынуына байланысты станса ретінде қаланған.
Кәсіпорындары “Арман” жиһаз өндірістік бірлестігі, “Кристалл” ЖШС-і, “Шортанды элеваторы”, “Мол-Достық”, “Құнарлылық” АҚ-тары, “Автомобилист” ЖШС-і, “Шортанды мұнайбазасы” АҚ, аудандық көлік кәсіпорны, тұрмыстық үйі, баспахана, т.б. жұмыс істейді.
Инфрақұрылымы Мектепке дейінгі 5 балалар мекемесі, 3 орта мектеп, мәдениет үйі, 3 кітапхана, кинотеатр, стадион, аурухана, фельдшерлік-акушерлік пункт, кафе, сауда орталығы бар. Шортандыдан оңтүстік-батысқа қарай 5 км жерде И.Бараев атындағы Қазақ астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты орналасқан. Кент арқылы Астана – Петропавл автомобиль және темір жолдары өтеді.
Дереккөздер
Санат:Шортанды ауданы елді мекендері Санат:Қазақстан темір жол бекеттері Санат:Қазақстан кенттері